Амия мен оның досы Зелба бір жылдай уақыт бойы бір-бірінен ажырамады. Олар сырласады, ойын ойнайды және қиялында жасаған патшалықты басқарады. Кейде Амияның ойына біртүрлі идеялар келеді, ал Зелба ештеңеге қарамастан оны қолдайды. Амия — шынайы адам, ал Зелба... олай емес. Сонымен балаларды ойдан шығарылған кейіпкерді жасауға не итермелейді? Балалар неліктен қиялдағы серігін ойлап табатынын және рөлдік ойындар ойнай отырып қандай дағдыларды дамыта алатынын бірге зерттеп көрейік. [Режиссері Кэйтлин МкКарти, баяндаған Александра Панцер, музыкасын жазған Салил Бхаяни, cAMP Studio].
