Әлемде кемінде 400 миллион адам аса кедейлікте өмір сүреді: бұл — көбінің үмітін де, абыройын да тартып алатын ауыр қаржылық және әлеуметтік дәрменсіздік. Кедейлікпен күресетін халықаралық даму ұйымы BRAC-те Шамеран Абед пен оның командасы тұрақты, көп қырлы бағдарлама жасады: ол миллиондаған адамға кедейліктен өз күшімен шығып, мүмкіндікке толы өмір құруға көмектесіп үлгерді. Келесі алты жылда осы өмірді өзгертетін бағдарламаны тағы 21 миллион адамға жеткізу үшін үкіметтермен бірлесу жөніндегі батыл жоспарымен танысыңыз. (Бұл ерен жоспар — жаһандық өзгеріске шабыттандырып, қаржы тартатын TED бастамасы Audacious Project-тің бір бөлігі.)

