Отыз жылға жуық бұрын Пико Айер Жапонияға сапарлап барып, елді ұнатып қалды да, сол жаққа көшіп кетті. Адам жанын үңіле бақылайтын Айер қазір Жапония туралы да, жалпы кез келген нәрсе туралы да отыз жыл бұрынғыдан әлдеқайда аз білетінін мойындайды. Даналық жайлы осы бір әуезді толғауында ол жасқа қарай жинақталатын білімнің қызық қасиетін тарқатады: көп білген сайын, өзіміздің қаншалық аз білетінімізді айқынырақ көреміз.

