Cуретші әрі TED Fellows бағдарламасының қатысушысы Кэнди Чанг Жаңа Орлеанның бір ауданындағы ескі, иесіз үйді «Өлмей тұрып ...» деген аяқталмаған сөйлем жазылған алып тақтаға айналдырды. Тұрғындардың таңқалдырарлық, әсерлі, күлкілі жауабы жазылған бұл тақта— бір мезетте осы ауданның айнасына айналды (Ал Сіз қалай жауап берер едіңіз?).
