Соғыс, жасанды интеллект және жаңа жаһандық қарулану жарысы
Бет танитын ажалды дрондар, қарулы роботтар, автономды реактивті жойғыштар: біз ЖИ-ге негізделген соғыстың жаңа дәуірі басталғанына куә болып отырмыз, дейді технолог Александр Ван. Ол осы беймәлім аймақта дерек неге құпия қаруға айналғанын қарастырып, жаңа технологияны дамытқанда ұлттық қауіпсіздікті ескеру қажеттігіне назар аударады — әйтпесе ауқымды ЖИ соғысына тап боламыз.

