Осиристің өлімі туралы Мысыр аңызы
4,259,953 plays|
Алекс Гендлер |
TED-Ed
• July 2020
Өзінің бүкіл Мысырды билеген ағасы Осириске бұрыннан іштарлық етіп жүрген жауынгер құдай Сет оны тақтан тайдыруды жоспарлайды. Алдау мақсатында сән-салтанатты кеш ұйымдастырған Сет бір ойын жариялайды: кімде-кім мына ағаш сандыққа дәл сиса, сол оны сыйлыққа алады. Алайда, бұл сандық шын мәнінде табыт болатын және Осирис оның ішінде қамалып қалады. Оның қарындастары оны тауып, босата ала ма?
Алекс Гендлер Осирис туралы мифті мұқият баяндайды. [Режиссері: Киган Торнхилл, мәтінді оқыған: Эддисон Андерсон, музыкасы: Жарретт Фаркас].